13.05.2021, 2:32
Оқылды: 55

Бударинде бұйырса, алма бағы гүлдейді

... Ол ағаш егу жұмыстарын бала кезден көріп өсті. Әкесі Қайыржан орман шаруашылығында жұмыс істеген. Қарашаңырақта өскен жеті баланың қай-қайысы да әкенің бейнетке толы ақ адал еңбегінен, анасының шуақты мейірінен нәр алып өсті.

20210513_022719

Бақ шаруашылығын дамытып, ұрпағына табиғат-ананың сый-тартуын өнеге етуді ойлайды бағбан. «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір» демекші, будариндік кәсіпкер бағбаншылықты одан әрі дамытсам деп отыр. Шүкір, артында ұл-қыздары бар, желкілдеп жиендері өсіп келеді. Бұйырса, ұлы үйленіп, немере сүйер күн туар. Алма бағы жайқалып өсіп кетсе, оның өнімдерімен алдымен ауылдастарын қамтиды. «Бұйырса, алма бағы жайқалады», -  деп жымияды алма бағының иесі.

20210513_022649

Айнала қазылған шұңқыр, егілген көшеттер, сары топырақ... шынымды айтсам, бақ гүлдейтінін елестету қиындау. Бірақ сөзі нық, қимылы ширақ замандасымның өзіне деген сенімі күдігімді сетінетіп таратып жібергендей. Иә, Бударинде алма ағаштар гүлдейді. Бүкіл ауыл боп егіп, күтіп-баптаған бақ гүлдемеуші ме еді?!

Мақаланың толық мәтінін «Орал өңірі» газетінің 14 мамыр күнгі №39 санынан оқи аласыздар.

Гүлбаршын Әжігереева,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале