14.05.2021, 18:05
Оқылды: 39

Бәйтеректе күнбағыстан пайда көп

Аудан әкімі Марат Лұқпанұлы аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі саналатын «Матевосян» шаруа қожалығында болды. Жиырма жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатқан шаруашылық 6 мың гектардан астам жерге күздік бидай мен күнбағыс егуде. Өткен жылы күздік бидайдың әр гектарынан 45 центнер өнім алған шаруашылықтың жаздық бидайы да жақсы шыққан. Сонымен қатар күнбағыстан да айтарлықтай өнім ала алды.

 матево

- Биыл 6331 гектар жерге егіледі. Оның 3893 гектарына – күздік, қалғаны – күнбағыс пен жаздық бидай. 10 тракторымыз, алты «Джон Дир» кешені, екі К-701, 14 комбайнымыз, өнімді таситын көліктеріміз де сақадай сай. Ауа райы қолайлы болса, жақсы өнім аламыз деген үміт бар, - деді серіктестік басшысы Александр Матевосян.

матево2

30-дан астам адамды жұмыспен қамтып отырған қожалық басшысының сөзінше, күнбағыс егу жұмыстары аяқтала келген. Барлық тыңайтқыштар жеткілікті.

Өңіріміздің ауа райы майлы дақылдарды егуге қолайлы екенін жеткізген аудан әкімі Марат Тоқжанов диқан жұмысына көңілі толатынын айтып, күздік бидайдан биыл да жақсы өнім алатынына сенім білдірді.

матево11

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале