Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов республикалық олимпиада жүлдегерлерін құттықтады.
2020/2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндерден өткен республикалық олимпиада нәтижесі бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Ақсай қаласының №6 МЛ-ің 10-сынып оқушысы Алина Дусмухамбетова және қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Лия Сарамбетова аудан намысын қорғап, жүлделі III дәрежелі дипломды иеленді.
Осыған орай, бүгін Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов республикалық пән олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттады. Сондай-ақ, оқушыларды олимпиадаға дайындаған ұстаздары Злика Габдуллина мен Касенова Каиржамал Капошқызына алғыс хат табыстады.
Аудан әкімі өз сөзінде білімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта білімдерін одан әрі шыңдап, асқақ биіктерден көрінулеріне тілек білдірді.
Бөрлі ауданының білім беру бөлімі