20.05.2021, 15:27
Оқылды: 38

Театр қызметкерлері мереке қарсаңында марапатқа ие болды

Бүгін Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ғимаратында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай БҚО салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен құттықтау шарасы өткізілді. Шараға Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Нұржан Тасболатов пен аталмыш еңбек ұжымынан өңірдің мәдени тынысына үлес қосып, өнердің шыңында жүрген сала мамандары қатысты.

E26DF0DF-FBD6-439E-944C-B7C7B64D19CC

Жиынның ашылуында алғаш болып сөз «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ БҚО филиалы төрағасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Айдар Батырханов:

- Мәдениет саласы – өмірдегі құндылықтардың, реттіліктердің, қарым-қатынастардың, адами тыныс-тіршіліктің айналымында үлкен рөлге ие бағыт. Ол бағыттың ең үлкен ерекшелігі – махаббат пен жүрек, адалдық пен тазалық. Сол жауапкершілікті арқалап, өзіндік үлгі қалыптастырып жүрген сала қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, - деді.

B5B30C0E-5FC6-4D35-8645-B18993AF6E16

Шара барысында «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының суретші-декораторы – Ұлықбек Таңатаров марапатталса, аталмыш облыстық қазақ драма театрының қойма меңгерушісі – Эльмира Құлмашеваға, театрдың костюмеры Рабиға Абдрахмановаға, театрдың жарық реттеушісі Наурыз Сүлейменовке «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ БҚО филиалы төрағасы Айдар Батырхановтың атынан алғысхаттар табысталды.

Аталған еңбек ұжымында қызмет ететін 127 маман кәсіподақ ұйымының мүшелері болып табылады.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале