«Еңбек адамының жемісті әрекеті – кәсіподақ ұйымының жеңісті қызметі», - дейді №5 Орал қалалық емхана қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы өзінің еңбек ұжымына ашықтық, теңдік, әділеттілік қағидатына сүйеніп, ыңғайлы, лайықты еңбек қатынасы мен ұжымдық шартты қалыптастыра алған бірлестік. Кәсіподақ комитетінің төрайымы Рита Ғалимова - өңірдегі белсенді, жас кәсіподақ жетекшілерінің бірі. Осы уақытқа дейін ұжымындағы мамандардың, әсіресе медбике санатындағы қызметкерлердің жалақыдан бастап баспанаға дейінгі мәселелерінің шешімі жолында жігерлі еңбек етіп келеді. Оған дәлел, аталмыш емхананың медбике қызметіндегі кәсіподақ мүшесі Сания Жаппарова кәсіподақ сертификаты арқылы 2018 жылы баспалы болған еді. Қажырлы еңбегінің арқасында Кәсіподақ федерациясының төсбелгісіне де ие болды.
Ол өз сөзінде:
- Бірлестігіміздегі кәсіподақтың жеңісті, жемісті жұмыстары көп-ақ. Солардың ішінде ең үлкені – еліміздегі төтенше жағдай кезінде ерекше білінді деп ойлаймын. Бұл уақыт аралығында біз кәсіподақ миссиясын, міндетін жан-жақтыландырып, жаңарта алдық. Сол уақытта әр кәсіподақ мүшесі өзінің жауапкершілігін түсініп, гуманитарлық көмектерге дайын болды. Блокбекеттердегі қызметкерлерге, сала мамандарына, сырқаттанып қалған әріптестерімізге кәсіподақтың қолғанат болып, қолдау білдіргені бәріне мәлім, - деді.
Бүгінгі таңда №5 қалалық емханада 425 маман қызмет етеді. Олардың барлығы кәсіподақ ұйымына мүше. Аталмыш емхана директоры Тимур Ажғалиев «SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының қоғамдық шараларына, жоспарлы жұмыстарына белсенді араласып, қолдау білдіруші жас басшы, сонымен қатар Орал қалалық мәслихатының ең жас депутаттарының бірі.
- Кәсіподақ қозғалысының бүгіні мен ертеңі – білікті кәсіподақ көшбасшылары мен белсенді жастарының қолында.
«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ