20.05.2021, 18:44
Оқылды: 39

Танымал өнер өкілімен сұхбат құрды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің қосымша білім беру педагогы, «Теректідегі тебіреніс», «Тәуелсіздің құрдастары» жобаларының авторы Үміткер Орынғалиев онлайн сұхбат ұйымдастырды.    

 маулет1

«Еңбек даңқы», «Өнер саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері, облыстық халық шығармашылық орталығының директоры Мәулет Жұбатовтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы эфирге шыққан жобаны тамашалап, сауал қойғандар көп болды.

Сұхбат көрермендері отбасы, таңдаған мамандығы, қызметі мен жетiстiктерi, ұстаздары жайында сұрақтар қойды.

- Менің еңбек жолым Теректі ауданынан басталды. Аудандық  лингвистикалық гимназияда 6 жыл директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасадым. Кейін аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры қызметін атқардым. Әріптестеріммен бірге көптеген шаралар атқардық. «Дат» театры құрылды. Орал өңіріндегі көнеден қалған тамаша табиғат ескерткішінің бірі Шалқар көлі жағасында «Шалқар толқыны» республикалық ән байқауы өтті. Мені маман ретінде шынықтырған – Теректі. Кадр ретінде дайындаған да – Теректі ауданы.  Кейін облысқа ауысып, облыстық халық шығармашылық орталығының директоры қызметін атқарып келемін, - деді Мәулет Өтемісұлы.

Расымен де, Мәулет Жұбатов – теректілік өнерсүйер қауымға танымал тұлға.

Қазақта «Жігітке жеті өнер де аз» деген бар. Білікті басшы, педагог, актер, көркемсөз оқу шебері – осының бәрі бір басына сыйған Мәулет Өтемісұлы өзін режиссура бағытында сынағысы келеді. «Әу» дейтін әншілігі бар, домбыраны да әдемі шертетін Мәулет Өтемісұлы қонақкәдеге «Өнер адамы» әнін қоңырлатып айтып бері.

Бүгінгі күннің серісіндей өнерлі азаматтың тағы бір қыры – бағбандық.  Ауласында жеміс ағаштарын өсіреді. Биыл БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің «Менің аулам – менің бағым» жобасын қолдап, туған ауылы Көктеректе  1000 терек отырғызуды ұйымдастырды. Бұл – мектеп бітіргеніне 20 жыл толған сыныптастарымен бірге ауылына жасаған сыйы.

Бiр сағатқа созылып, 150-ден астам адам қатысқан тікелей эфир кезінде Мәулет Өтемісұлының адамгершілік қасиеттерін айтып, жақсы тілек жолдау үзілген жоқ.

Кездесу соңында Үміткер Жұмагелдіұлы жоба қонағына аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынованың атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

 

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале