20.05.2021, 21:03
Оқылды: 49

Теректі өнерпаздары жүлдегер атанды

Облыс орталығында ҚР Тәуелсіздігіннің 30 жылдығына орай, мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған "Мәдениетім мәртебем" атты облыстық туристік слеті өтті. Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, "Мәдени -ағарту бірлестігі" МКҚК және "Атамекен" БЖТжЭО ұйымдастырумен өткен өнерпаздар слетіне Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығы ұжымы да қатысты.

 артист

Жай ғана қатысқан жоқ, мықтылардың сапынан көрінді. Сынға қатысқан 10 команданың арасынан теректілік өнерпаздар жүлделі ІІ орынды иеленді.

Жекелей жарыстарда, мәдени -демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин балық аулаудан ІІІ орын және мылтық арқылы нысананы дәл көздеуден ІІ орынды місе тұтты. Мәдени-демалыс орталығының хормейстрі Гүлназ Құсайынова әйелдер арасында спорттық бағдарлау бойынша үздік үштіктің қатарынан көрінді.

артист2

Сонымен бірге, өнерпаздарымыз өздеріне бөлінген аумақты таныстырып, слет барысында өткізілген мәдени шараларға белсене қатысты.

Шараның қорытынды бөліміне қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, жүлделі орыннан көрінген теректіліктерді марапаттады.

Әділет Зере,

Теректі ауданы

 zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале