Басылымға жазылу науқаны қыза түсті. Бәйтерек ауданының кәсіпкерлері өздері қызмет атқарып жатқан ауыл ақсақалдарын газетке жазуды жақсы қолға алды. Күні кеше Егіндібұлақ ауылының жас кәсіпкері Жанболат Рамазанов өз отбасы атынан ауылда тұратын бес тыл ардагерін аудандық газетке жаздырды.
Өткен жылдан бері қой өсіріп, кәсіп қылып отырған Жанболат Ерсайынұлы ауыл азаматтарын тек газетке жаздыруды ғана емес, басқа да қайырымдылық шараларына белсенді араласып тұрады.
- Елде қызмет жасаған соң халыққа пайдаң тиген жақсы. Бір кездері Егіндібұлаққа қоныстанып, ауылдың гүлденуіне өз үлестерін қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуіміз керек, - дейді кәсіпкер.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress