21.05.2021, 16:08
Оқылды: 37

Бөрлілік ұстаз – Тәуелсіз елдің құрдасы

30 жыл бұрын еліміз тәуелсіздігін жариялаған уақытта дүние есігін ашқан бүлдіршін – бүгінде болашақтың кілтін қолына ұстаған егемен елдің еркін азаматшасы, Тәуелсіздіктің төл құрдасы, Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маруа Жубаниязова.

бөрлі

Ол Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін 2008 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2012 жылы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» дипломын қолға алады. Сол жылы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде еңбек жолын бастайды. 2014 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмәмдайды. 2015 жылы Нұр-Сұлтан қаласы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейіне жұмысқа орналасады. Лицейде 5 жыл қызмет етіп, тәжірибе жинақтайды. Шәкірттерін шыңдап, шетелдерге олимпиадаға қатыстырып, жүлделі орындарға қол жеткізеді.

Атап айтсақ, Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен халықаралық математикалық олимпиадаға қатысқан Жолдахмет Диасқа жетекшілік еткені үшін алғыс хатпен марапатталды.

Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен халықаралық математикалық олимпиадаға қатысқан Нұрғисақызы Айзереге жетекшілік еткені үшін де алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар Болгария, Санкт-Петербург қалалаларында өткен олимпиадаларға оқушылары қатысты.

Қазіргі таңда Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебіне оралып, еңбек жолын жалғастыруда.

«Мәңгілік елдің іргесін қалар балапан жеткіншектерге сапалы тәрбие, саналы біліммен сусындатып, ұлағатты ұстазға айналу – өмірлік ұстанымым», - дейді ұстаз.

 

Бөрлі ауданының білім беру бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале