Сырым елінің қасиетті топырағы - ән мен жырдың ордасы, аудан, облыс, республика деңгейінде есімі танылған жезтаңдай әнші Амангелді Ғұбайдуллиннің ата мекені.
Сырым аудандық М.Есламғалиұлы атындағы орталықтандырылған кітапханада "Ән бекзадасы" атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Айтулы әнші А.Ғұбайдуллинге арнап мақалалар, естеліктер, сұхбаттар, арнаулар мен әншінің репертуарындағы әндер мен термелердің мәтіндері енгізілген кітаптың авторы Ғ.Құрманғалиевтың шәкірті, республикалық Ә.Қашаубаев, Ғ.Құрманғалиев атындағы әншілер байқауының лауреаты, Батыс Қазақстан өңірінің өнер мұраларын зерттеп жүрген әнші Серік Абдрахманов.
Кітаптың тұсаукесерінің рәсімін автор мен А.Ғұбайдуллинның жары Балсекер Махметова жасады.
Шараға келген аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов құттықтауын білдіріп, жылы лебізін танытса, А.Ғұбайдуллиннің шәкірттері естеліктермен бөлісті.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы