22.05.2021, 18:48
Оқылды: 107

Жәнібек ауданында сенбілік жұмыстары қарқынды жүруде

Жәнібек ауданында санитарлық тазалық айлығы басталғалы біршама жұмыс атқарылды. Мұны жергілікті тұрғындардың және еңбек ұжымдарының белсенділігінен анық аңғаруға болады. Әр сенбіде сенбілік жұмыстары жалғасын тауып, талай тірлік тыңдырылды.

20210522_184234

Иә, туған жердің тазалығы күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі болып тұр. Aйналаны қоқыс қалдығынан тазартып, халықты ауызбіршілікке шақыратын игі істі қолдау әрбір азаматтың парызы. Қоршаған ортаны таза ұстау міндет. Осыны қаперге алған аудан тұрғындары, мекеме-ұйым қызметкерлері, мектеп және балабақша ұжымдары Жәнібек ауылының оңтүстік-батыс бетінде орналасқан стационарға барды.

- Сенбілікке шыққандардың негізгі жұмысы құрғап қалған бұтақтардан арылту болды. Ол үшін арнайы техникалар жұмылдырылды. Бөкей Ордасы ауданындағы орман шаруашылығынан 11 жұмысшы келіп, алқапты тазартуға көмектесті, - дейді Жәнібек ауылдық округі әкімі Абзал Қаратаев.

Сондай-ақ бұл күні тазалық жұмысына барлық ауылдық округ өз үлестерін қосты. Ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қоршаған ортаға бейжай қарамай, өз аумақтарындағы көшелер мен ғимараттардың айналасын қоқыстан арылтып, ауылының ажарлана түсуіне барын салды.

Ә.Әбділда,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале