Бүгін Сырым ауданындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде 2020-2021 оқу жылының аяқталуына орайы соңғы қоңырау салтанаты өтті. Екі жыл бұрын ашылған білім ордасы үшін бұл салтанаттың сәні де, мәні де ерекше. Биыл лицей алғашқы түлектерін ұшыруда.
Шараға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, түлектерге сәт-сапар тіледі. Аудан басшысының «Тәуелсіздікті сақтау үшін білім керек!» - деген бірауыз сөзі жас буынның арқасына үлкен аманат артқандай.
Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсыновтың берген мәліметіне сүйенсек, бүгін аудандағы 14 орта мектепті 179 түлек аяқтап отыр. Олардың 19-ы «Алтын белгіге», ал 3-еуі «Ерекше аттестатқа» үміткер.
Б.Шерім,
Сырым ауданы
zhaikpress