25.05.2021, 13:12
Оқылды: 150

Ұжымдасқанның ұтары мол

Қоғамның дамуы спираль тәрізді, бұрынғы тәжірибе негізінде жаңа дамыған сипатта қайталанып отырмақ депті баяғыда бір данышпан. Расында, өткен ғасырда жеке меншіктен бас тартып, ұжымдасып, колхоздар құрылғаны тарихтан белгілі. Одан кейін қоғамдық формация ауысып, жекешелендіру толқынын басымыздан өткердік. Колхоз-совхоз тараса да, солардың ізіндегі ауылдарда тұратын ағайын қолындағы малын бағып, несібесін туған жерден табуда. Дегенмен ауылдың әлеуетін нығайту, жұмыссыздықты азайту, сүтті және етті бағыттағы мал басын көбейту, қорадағы жайын малды асылдандыру үшін кооперативтерге бірігу қажеттігі сезіледі.

 мерген ск-1

Жалпы, кооперативтер құру жұмыстары 2015 жылы басталғанымен, әлі күнге соны сүрлеуге түсе алмай келеміз. Содан бергі уақыт ішінде Ақжайық ауданында мал өсірумен айналысатын 30 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Алайда оның жартысына жуығы түрлі себептермен жабылды немесе уақытша жұмыстарын тоқтатты. Бүгінде 16 кооператив қана тірлік етуде.

мерген-3

Биыл көктемде Мерген ауылының тұрғындары кооператив құрды. Осы жаңа құрылымның тыныс-тірлігі және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрудың пайдасын, игілігін таразылаған мақаланы «Орал өңірі» газетінің алдағы №43 санынан оқи аласыздар.

 

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале