25.05.2021, 17:13
Оқылды: 112

БҚО әкімі БАҚ өкілдері сауалдарына жауап берді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев БАҚ өкілдері жолдаған сауалдарға жауап берді.

е1

БҚО әкіміне қойылған алғашқы сұрақ өңірдегі демалыс орны Шалқар көліне инвестиция тарту турасында болды.

- Шалқар көлін өңір тұрғындары кіші теңіз деп атайды. 200-ден астам шаршы шақырым ауданы бар көл – батысқазақстандықтардың сүйікті демалыс орны. Шынын айту керек, былтыр пандемия кезінде инвесторлардың көп қызығушылығы бола қоймады.

е 2

Алайда биыл жекелеген инвестор тарапынан нақты өтініш түсті. Жалпы жобаның қаржы көлемі 3 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда ұсыныс білдірген инвестордың бизнес-жоспары зерттелу үстінде. Жақын арада мақұлданса, жоба жаздан бастап іске асатын болады. Жобаны іске асыру арқылы демалыс орнына көптеген туристер тартылады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады, - деді облыс басшысы Ғали Нәжімединұлы.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале