25.05.2021, 17:41
Оқылды: 15

Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары арасын жалғайтын жол құрылысы 2022 жылдың соңында аяқталады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевке БАҚ өкілдері тарапынан көптеген сауалдар жолданды.

 Ес 01

«Елбасының өзі Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары арасын жалғайтын жол құрылысы жұмыстарын 2021 жылдың соңында дейін тапсырып, халық игілігіне пайдалануға беріңдер деп тапсырма берген болатын. Бұл жұмыстар төңірегінде пандемияға байланысты жұмыс тұралап қалды деген аталмыш аудан тұрғындары тарапынан көптеген шағымдар түсуде. Жұмыс қаншалықты деңгейде атқарылуда, қашан пайдалануға беріледі?» деп сауал тастады «Еуразия – 1» телеарнасының тілшісі Қ.Отыншиев.

Ес 02

- Қазіргі таңда облыста көптеген қаражат пандемиямен күресуге жұмсалып отыр. Сондықтан Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары арасын жалғайтын жол құрылысы жұмыстарын, яғни аталмыш жобаны 2021 жылдың соңына дейін бітіре алмаймыз. Бұл жобаға былтыр небәрі 8 млрд қана қаражат бөлінді. 120 шақырымы биыл беріледі. Жоба толыққанды 2022 жылдың аяғына дейін аяқталу керек, - деп жауап қайтарды журналист сұрағына БҚО әкімі Ғ.Есқалиев.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале