Бүгінде елімізде туған жер, туған ауылының барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Әсіресе, мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30 жыл болған азаматтардың туған ауылына тарту жасауы қуантарлық жайт.
Соңғы қоңырау салтанатында Жәнібек ауданындағы Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің 2001 жылғы түлектері мектебіне «Алтын ұя мектебім» деген жазуы бар композиция тарту етсе, Тегісшіл негізгі мектебінің 2001 жылғы түлектері де туған ауылына дәл осындай сый жасады. Сондай-ақ М.Ықсанов атындағы орта мектептің 1991 жылғы түлектері М.Ықсановқа 95 жыл толуына орай Мұстахим Біләлұлының кеуде мүсінін жасатты.
-Мектебіміз мемлекет, қоғам қайраткері М.Ықсановтың атын иеленген. Сондықтан да Ақжайықтың біртуар ұлының мүсіні мектеп ауласында жарқырап тұрса деген оймен сыныптастар қаражат жинап, кеуде мүсінге тапсырыс бердік,- дейді түлектер.
Ә. Садық,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz