Тасқала аудандық мәслихатының кезекті VIII сессиясына аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Тұрмағамбетов, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева және мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2020 жылғы аудандық және Тасқала ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуының жылдық есептерін бекіту туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Людмила Тастембекова баяндаса, екінші сұрақ бойынша Тасқала аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №32-3 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Нұрмақов өз ақпаратын ұсынды. Үшінші мәселеге қатысты аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ақжарқын Зинекешова Тасқала аудандық жер комиссиясынң құрамын бекіту туралы баяндады.
Баяндамашыларға сессия жұмысына қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Сессия еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық талаптарға сай өтті.
Болат Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz