26.05.2021, 14:35
Оқылды: 172

Бөрлідегі үлкен кітап

Бөрлі ауданындағы Достық ауылында үлкен кітаптың макеті жасалып, қойылды. Оны жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың аталмыш ауылдағы кеңесші маманы Талғат Төреғалиев өз қаражатына жасаған.

 Кі1

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы және Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арнап қойылған үлкен кітптың биіктігі 1 метр 40 см, ені 85 см, қалыңдығы 25 см.

Сонымен бірге бұл жай ғана кітап макеті емес, арнайы ұялы телефоныңыздағы QR-код арқылы өзіңізге ұнаған әдеби кітаптарды оқи алатын мүмкіндігі бар.

«Мақсатым халық әдебиетін насихаттап, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар жастардың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу» деген Талғат естеріңізде болса, осыған дейін де ауылда өз қаражатына Ұлы ақын Абай Құнанбаев, жыр алыбы Ж.Жабаев атымен аталатын көшедегі үйлердің маңдайшасына өз қаражатына  логотиптер орнатқан болатын.

Кі2

Ж.Жабаев атындағы көше үйлеріне ілінген логатиптің ерекшелігі аталмыш кітапқа қойылғандай, QR-код орнатылып, ұялы телефон арқылы ауылдың картасы мен тарихын оқып көруге болады.

Басқа да осындай игі шараларға бастама жасап жүрген Талғат Александров мектеп бөбекжай-балабақша кешенінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді.

Қоғам қашанда белсенді жастармен көрікті. Оны Талғат секілді жастар осындай игі істерімен дәлелдеп келеді.

 

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале