26.05.2021, 16:39
Оқылды: 33

БҚО мен Өзбекстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып келеді

Оралда БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

 A8508D0C-952F-4651-BF89-E802AE75F159

Кездесу барысында М.Манкеев ауыл шаруашылығы саласындағы, оның ішінде өнімді (тұқым, астық, ет) жеткізумен өзара қарым-қатынасты дамыту ісін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, іскерлік және этно-туризмді дамытуға ықпал ететін бірлескен турпакеттер құру мәселесіне тоқталды.

ECC41BD2-A852-4655-A469-BF61061D3C06

Тараптар арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың II форумы аясында Үргенш қаласында «Стекло – Сервис» ЖШС (ҚР) мен «Steklo-Service LTD» БК ЖШҚ (РУ) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

Статистикалық деректерге сәйкес 2021 жылғы қаңтар-наурызда облыстың Өзбекстан Республикасымен сыртқы сауда айналымы 1,6 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 1,4 млн. АҚШ доллары, импорт – 233,2 мың АҚШ долларын құрады.

784554F7-7CC2-480C-BF97-BB4DF9E8ACEE

Кездесу барысында тараптар еңбек мигранттарының мәселелерін де талқылады. Жыл басынан бері көші-қон органдарында Өзбекстаннан келген 808 еңбек мигранты тіркелген, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 3 555 адам.

Батыс Қазақстан облысында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту мониторингіне сәйкес, бүгінгі күні облыс бойынша 103 кәсіпорын мен ұйымда 14 696 адам жұмыс істейді, оның ішінде 396-сы маусымдық жұмысшылар. Тұтастай алғанда, шетелдік жұмыс күші тау-кен өндіру саласына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларына тартылады.

F10129D7-630F-4F7A-B63A-38300EA05827

Саидикрам Ниязходжаев өңірдегі цифрландырудың дамуына ерекше тоқталып, өзбек тарапы табысты жобаларға талдау жүргізіп жатқанын атап өтті. М.Манкеев it-Hub жұмысымен танысуды және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды.

Елші мырза Өзбекстан Республикасының азаматтарын әкету үшін транзиттік дәлізді қамтамасыз ету бойынша пандемия кезеңінде көрсеткен көмегі үшін Батыс Қазақстан облысына ерекше алғысын білдірді.

Сондай-ақ, өңірге сапары барысында Төтенше және Өкілетті Елші «Ұлан П.С.» ШҚ және «Grand House» ТК құрылысы жобасы сияқты Өзбекстан азаматтары жұмыс істейтін нысандарды аралады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале