Бұл ауылдың балалары «Орал өңірі» газетін асыға күтеді. Кейде поштадан газет уақытымен келмей, кешігіп жатады. Ондай кезде қалаға келіп, дүңгіршектен газетті сатып алғанды жөн көреді. Бір баланың тырнақалды туындысы жарық көрсе, бір сынып қана емес, бүкіл мектеп қуанады екен. Жақында «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, тілшілер Гүлсезім Бияшева, Гүлжамал Кенжеғалиева Бәйтерек ауданына қарасты «Өркен» ауылындағы орта мектепке арнайы барды.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №43 санындағы журналист Гүлжамал Кенжеғалиеваның «Орал өңірін» асыға күтетін мектеп» атты мақаласынан оқып біле аласыздар!
zhaikpress