Жақында Шыңғырлау ауданына қарасты Ардақ ауылдық округінің тұрғындары Светлана Коннова мен Асхат Жұрманов мектеп ауласына 35 түп алма мен алмұрт көшетін отырғызып, ұстаздар мен оқушыларды қуантты.
Бой түзеген алма ағаштары 4-5 жылда жемісін берсе деген үміттерін үкілей келген демеушілердің игі істері талайға үлгі болары сөзсіз.
«Батыс Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен оздырылған «Менің аулам – менің бағым» атты бастамаға ардақтықтар да атсалысып, өз аулаларына тал-теректер отырғызылды. Күз айында жеміс ағаштарын екпекпіз. Сөйтіп, мектеп учаскесін үлкен бау-бақшаға айналдыру жоспарымызда бар. Жазғы демалыс кезінде оқушыларды еңбекке баулуға да сеп болмақ», - дейді ауылдық округ әкімі Саида Жұмайқызы.
А.Муса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz