31.05.2021, 17:24
Оқылды: 43

Абай полиция бөлімі балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырды

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Өнегелі ұрпағымыз, өмірді жалғаушы буын - балалардың мерекесі қарсаңында Абай полиция бөлімі «Мен - өмірдің гүлімін» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Қала орталығындағы №7 мектептің спорттық алаңқайында өткен көңілді мерекелік жиынға Абай полиция бөлімі қызметкерлерінің ұл-қыздары қатысты.

CDEFF59D-3B9D-4227-9BF9-AA30FD3C6CC5

Бүлдіршіндерге өлең айтқызып, би билетіп, белсенділіктерін арттыру, ортаға бейімдеу, балалардың өзін құрметтеуге, жеке тұлға ретінде өзін көрсете білуге тәрбиелеу мақсатын ұстанған келісті іс-шараның шымылдығы «Балдырғандар» әнімен басталды. Әдемі әнді тыңдаған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары, бауырлары алдында «Мен өмірдің гүлімін» атты ертеңгілікте Абай полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрхат Бапенов құттықтау сөз сөйледі. Нұрхат Беркінұлының мерекелік лебізінен кейін ортаға жиылған балалар үшін «Кім жылдам?» ойыны ойнатылды. Екі топқа бөлінген балғындар гүл мен доптарды жүгіріп жүріп екі себетке толтыра салды.

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан,- демекші, бұл ойында достық жеңіске жетті.

Өрімдей ұл-қыздар одан әрі  «Буратино», «Мыстан кемпір», «Сайқымазақ» сынды ертегі кейіпкерлерімен бірге жарыса би билеп, жасырылған жұмбақтарды шешті. «Чунга-чанга», «Я, ты, он, она - мы дружная семья» атты биін бірге биледі.

Соңынан кішкене балақайларға тәттілер үлестіріліп, естелікке суретке түсті.

 Орал қалалық полиция басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале