31.05.2021, 19:16
Оқылды: 55

Жаңақалада «Жасыл ел» жасағы жұмыс бастады

Бүгін Жаңақала ауданындағы Тәуелсіздік саябағында «Жасыл ел» еңбек жасағының аудандық маусымының ашылу салтанаты өтті.

жж

Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақан Қапанов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Қобыланды Сапиуллин және «Жасыл ел» сарбаздары қатысты.

Жиын барысында маусымның ашылуымен жастарды аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы құттықтады.

Одан соң сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Қобыланды Сапиуллин қатысушыларға сәттілік тілеп, «Жасыл ел» жасағының туын сарбаздарға табыстады.

Кеш соңы әсем әуенмен шырқалып, естелік суретке түсумен аяқталды.

Айта кетсек, ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы төртінші жыл жүзеге асып келеді. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылы 50 квота, 2019 жылы 70 квота бөлінсе, 2020 жылы 82 квота бөлінген болатын. Оның 70 квотасы аудан орталығында болса, 12 квотасы Пятимар және Қызылоба ауылдық округтеріне берілген. Ал биыл 80 квота бөлініп, оның 32 квотасы 8 ауылдық округтерге теңдей бөлініп, қалған 48 квотасы аудан орталығына берілді.

 

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале