Қандас мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматтығында бұрын болмаған, тарихи отанына оралған этникалық қазақ және оның ұлты қазақ отбасы мүшелеріне беріледі. Егер сіз қандас мәртебесін алғыңыз келсе, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарына жолығыңыз. Өтініш аталмыш басқарманың кеңсесінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Сондай-ақ қандас мәртебесінің мерзімі аяқталғандар басқарма кеңсесіне барып, мәртебе мерзімін ұзарту туралы өтініш бере алады.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №44 санындағы журналист Гүлсезім Бияшева дайындаған «Қандас мәртебесін алғыңыз келсе...» атты материалды оқи отырып, мән-жайға қанық боласыз!
zhaikpress.kz