Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебін 2001 жылы бітірген түлектер бірлесіп, өз қаражаттары есебінен 700 мың теңгеге ауылдың кіреберісіне «Қоскөл» атауы белгісін орнатып берді.
Жоба мақсаты ауылдың мәдени дамуын, әл-ауқатын жақсарту, елдің өркендеуіне үлес қосу, жастардың патриоттық сезімін ояту болып табылады.
Салтанатты шарада ауылдық округ әкімі Қанат Мұханов сөз сөйлеп, түлектерге ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.
«Қаратөбе өңірі»
zhaikpress.kz