1.06.2021, 18:24
Оқылды: 41

«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді

БҚО ПД-нің бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ж.Жаншиннің нұсқауына сәйкес, заңсыз көші-қон арналарын анықтау, шетелдіктердің облыс аумағында болу мен жүріп-тұру заңдылығына бақылау жасау мақсатында 2021 жылғы 1-4 маусым аралығында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді.

 ммм

Іс-шара барысында қоғамдық орындарға, жалға берілетін пәтерлерге, мешіт, шіркеулерге, құрылыс объектілеріне, оның ішінде құрылысы тоқтатылған және иесіз қалған, шатырлар, жертөлелер, кәріз құдықтарын және т.б. тексерулер ұйымдастырылып, іздеуде жүргендердің, жоғалған адамдардың, сондай-ақ шетелден айдап әкетілген автокөлік құралдарының тізімі жаңартылады.

Елге келу қағидаларын бұзған шетелдіктерді, шығару туралы соттың шешімін орындамағандарды, жасырын көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетел жұмыс күштерін тарту қағидасын бұзатын жұмыс берушілерді анықтау шаралары қолға алынады.

 

Мақпал Бекқалиева,

Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі

көші-қон тобының аға инспекторы,

полиция майоры

Сурет baq.kz сайтынан алынды

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале