1.06.2021, 23:21
Оқылды: 18

Шекара тұтастығы – баршаға міндет

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде өткен шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында үш мәселе қаралды. Олар – тұрғындардың шекаралық белдеу мен шекаралық аймақ режимін сақтауы, шекаралық белдеуде үй жануарларын бағуды ұйымдастыру, шекаралық аймақта өрт қауіпсіздігінің сақталу мәселелері талқыланды.

B0D14049-6C5B-4FE0-8BFC-FA3EF109BA77

–Жәнібектегі шекара қызметінің басқармасына қарасты шекаралық бекеттер мемлекеттік шекараның 606 шақырым аумағын күзетіп жүр. Осы қызметте заңбұзушылық фактілер де анықталуда. Үстіміздегі жылы 22 тұлға шекара кеңістігін бұзған. Оның бірі бұл заңбұзушылыққа  саналы түрде барса, бірі білместікпен жасауда. Осы ретте түсінік жұмыстарын бірлесіп атқаруға шақырамын, – деді ҚР ҰҚК ШҚ БҚО Жәнібек ауданы басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Қуанышбек Нүсіп.

Салыстырмалы түрде ауданда заңбұзушылық аз екенін баса айтып, мемлекеттік шекараны ел болып қорғауға үндеді. Бейсауыт жүрген адамдарды аяушылықпен шекара асырып жіберген ауылдасымыз туралы осы жиында айтылды. Ордалық азамат балалы дағыстанды аяп, төріне отырғызып, ас-суын беріп, шекарадан өткізіп жіберген. Ол қонағымыз ресейлік шекарашылар қолына түскен екен.

– Шекара тұтастығы – елдің тұтастығы. Шекарашылар ғана емес әр азаматымыз шекара мәселесіне қырағы қарауы керек, – деді подполковник Нүсіп.  

A357C615-BC5A-467D-94EB-A400866B0375

Өз кезегінде "Ильфат" шаруа қожалығы иесі Райымбек Шарафутдинов өз аумағындағы шекара қашан қоршалады деп алаңдаушылық білдірсе, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов шекара аймағының өрт қауіпсіздігін қамтуда заң шеңберінде қолдау көрсететінін жеткізді.  Аудандық полиция бөлімі бастығы Бақберген Молдағалиев та қараусыз жүрген үй жануарларының иесін жауапкершілікке тартуда қолдау білдіретінін айтты.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале