2.06.2021, 11:19
Оқылды: 53

Пятимарлық түлектердің тартуы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші жобасы аясында Жаңақала ауданы Пятимар ауылында 3 миллион 900 мың теңгеге 7 бірдей жобаның тұсауы кесілді. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақан Болатұлы, аудандық мәслихаттың депутаты Жанар Батырова және ауыл тұрғындары қатысты.

A0C770DC-9BB3-4B7F-8325-F9AF83DFACB2

2011 жылғы Пятимар жалпы орта білім беретін мектеп түлектері мектеп бітіргендеріне 10 жыл толуына орай ұйымдасып, ауылдың кіре берісіне үлкен қақпа жасатқан екен. Жұмысы 1 миллион теңгені құраған қақпаның лентасын қиып, ауыл игілігіне табыстады.

Осы ауылдың 2001 жылы бітірген мектеп түлектері балабақшаға 1 миллион теңге көлеміндегі қаржыға керекті жиһаздар, төсеніштер, стендтер, түрлі жабдықтар алып беріп, толықтай қамтамасыз еткен. Балабақшаға барған «20 жылдық» деген жазуы бар бірдей футболка киген 2001 жылғы түлектер балғын бөбектерге сыйлықтарын да табыс етті. Мектеп бітіргендеріне 15 жыл болған түлектер «Жастар алаңы» жобасын 400 мың теңгеге жасатып, ауыл халқының игілігіне ұсынды. 1991 жылы мектеп бітірген түлектер «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағына 400 мың теңгеге әдемі қақпа жасатыпты. Мектеп бітіргендеріне 25 жыл толған түлектер саябақ ішіне талдар отырғызса, алтын ұя мектеппен қоштасқандарына 5 жыл толған түлектер күрес залына қажетті жабдықтарды алып берген.

7CB73F65-B127-45E3-994D-80C9A67D0421

Жобалардың ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева түлектерге ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің алғысхаттарын табыстады.

Жыл сайын осындай жақсы әрі үлгілі істер жасалса, ауылдардың шырайы кіріп, жасарып қалары сөзсіз.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале