Соңғы кезде азаматтардың электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін заңсыз түрде жеке қызмет көрсетіп, өз көмегін ұсынушыларға жүгінуі белең ала бастады. Бұл турасында ХҚО қызметкері саналмайтын, бөгде біреулерге электрондық-цифрлық қолтаңбаңызды (ЭЦҚ) бермеу қажеттігін ескертеміз.
Егер ЭЦҚ-ңыз құпиясөзімен бірге басқа біреудің қолына түссе, Egov.kz порталындағы жеке кабинетіңізге кіріп, сіз үшін келеңсіздіктер тудыруы мүмкін. Мысалы, сіздің атыңыздан әртүрлі шарттар жасасып, үй-жайыңызға өзге біреуді тіркеуге отырғызуы және тағы сол сияқты әрекеттер жасауы ықтимал.
Ал егер ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz сайты арқылы сол электронды кілттен бас тартып, жаңасын рәсімдеп алыңыз.
Сондай-ақ Орал қаласы және барлық аудандардағы халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде "Электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді тегін алуға болатынын естеріңізге саламыз.
Оған қоса жақын арада қаламыздың әр түкпірінен бірнеше өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі