3.06.2021, 19:19
Оқылды: 64

Бөкей ордасында «Кемел келешек кілті – білімде» атты шара өтті

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Кемел келешек кілті – білімде» атты шара өтті.

 үздіктерді 1

Бұл шарада аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов республикалық, халықаралық байқауларда ауданның мерейін арттырып жүрген өнерлі де дарынды өрендерді қабылдап, алғыс хаттармен марапаттады.

– Өскелең ұрпақ – ел болашағы екендігі сөзсіз. Әсіресе, білімді, зерек, жан-жақты оқушыларға артар үмітіміз зор. Әрқайсыңыз да түрлі бағыт бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындырып келесіздер. Жолдарыңыз ашық болғай! - деп ізгі лебізін жеткізді аудан әкімі.

Айта кетелік, шараға қатысқан оқушылар "Туған өлке тарихы"," Дала сазы", "Alash star" секілді экология, өнер, спорт т.б. салалар бойынша қатарынан қара үзген ауданның мақтаныштары. Оқушылар атынан М.Мәметова атындағы мектеп оқушысы республикалық «Үздік шетел тілі» жобасы атты онлайн байқауда ІІ орын иегері Роман Соколов, ұстаздар атынан Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Гүлзада Салықова сөз алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Үздіктер қатарынан көрінген аудандық саз мектебінің хор ұжымы да әннен шашу шашып, шараның шырайын келтірді.

 

Арайлым Маратқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале