4.06.2021, 11:53
Оқылды: 56

Мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілді

Жуырда дәстүрлі мәдениет және өнер қызметкерлерінің мейрамы өтті. Мәдени шара барысында еңбектері еленген бірқатар қызметкерлер Тасқала аудандық мәдениет бөлімінің, аудан әкімі және облыстық мәдениет басқармасынан алғысхаттармен марапатталды.

1759333D-E073-4BE2-A972-1B0787672E97

Бұл мереке – туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Ал мәдениет қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан-дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шеберлері десек, кітапхана қызметкерлері халыққа рухани азық ұсынып, қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, нағыз өз ісінің шебері ретінде өнерге берілген азаматтар.

Жалпы мәдениет саласында жиырма жеті жылдай еңбек етіп келген жоғары білікті маман, соның үш жылында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директор қызметінде жұмыс атқарып келген Құралай Хасанованың айтуынша, тұрғылықты халыққа бұл кітапханалардың барлығы ақпараттық -библигрофиялық анықтамалық қызмет көрсетеді екен. Жалпы аудан бойынша 23 кітапхана бар. Сонымен қатар кітапханаға түскен әдебиеттерді, мерзімді баспасөздермен келіп жатқан жаналықтармен таныстырып отырады кітапханашылар. Батыс Қазақстан облысы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директорының атынан алғысхат алған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Құралай Хасанова:

– 21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күні. Жылма-жыл осы мейрамға байланысты барлық өңірлерде осы сала қызметкерлеріне ілтипат көрсетіледі. Әрине, орталақтандырылған кітапханалар жүйесі осыған дейін көптеген облыстық, республикалық және халықаларлық байқауларға қатысып, көптеген жоғары дәрежеде жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Оқырмандарымыз да өз белсенділіктерін көрсетіп жатады. Бұл кітапханашылардың жемісі деп есептеймін. Мейрамға байланысты Батыс Қазақстан облысы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Эльвира Аманғалиевадан алғысхат алғаныма қуаныштымын. Әрине, бұл барша ұжымның жемісті еңбегінің арқасы. Өзге де әріптестерім облыстық мәдениет басқармасы және облыстық кітапханалардан алғысхаттар алды. Сонымен қатар мейрамға тұспа-тұс келген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі II орынды иеленді. Әрине, еңбектің еленгені кім-кімге де абырой, – дейді.

Сонымен бірге Данабек Әлжекенов аудандық мәденидемалыс орталығында 11 жылдай еңбек етіп келеді. Осы жылдар бойы қиындығы мен қуанышы бірген жүрген жұмыс күндеріне дән риза. Себебі жан-тәнімен сүйген мамандықтың ешқашан қызығы кетпейтіні рас. Аудандық мәдени-демалыс орталығында қазіргі таңда 12 ұжым бар. Оның 10-ы халықтық, 2-еуі үлгілі атағын алған. Халықтық атағын алған топта 16 жастан жоғары балалар, ал үлгілі атағын алғандар қатарында 16 жасқа дейінгі балалар өнер көрсетеді. Атап айтсақ, «Қиялдан» үлгілі би ансамблі мен «Балдырған» қуыршақ театры.

– Негізгі жұмысым – халықтық, үлгілі ұжымдарды және де аудандық демалыс орталығындағы әншілерді, өнерпаздарды қадағалау. Көпшілік мерекелік шаралардың басында жүріп жауап беру. Спектакль қойылатын болса да, режиссерға көп сын айтылғанмен де қателік кетсе, оған да мен жауап беруге міндеттімін. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарынан аудандық демалыс орталығының директоры Мержан Есқалиев екеуіміз алғысхат алдық. Әрине, әріптестерім де алғысхаттарға ие болды. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Биыл ерекше болды деп ойлаймын. Бұйырса, 1 маусымнан бастап сыртта концерт қоюға рұқсат беріледі. Ішкі концерт QR кодты қойып кіруге болатын болады. Халық театрының атақ алғанына биыл 15 жыл. Осыған орай мәдениет жобаларын іске асырып жатырмыз. «Ардагерлерді ардақтайық», «Өнерлі өркен», «Асыл мұра» , «Бақытты отбасы» атауларына байланысты мәдени шаралар өтуде. Әдеп-ғұрыпқа сай, ежелден жоғалып бара жатқан дәстүрлерді жаңғырту жоспарда. Әрине, өнер адамдарының еңбектері ұшантеңіз, – дейді аудандық демалыс орталығының жетекшісі Данабек Әлжекенов.

Ал отыз жеті жылдай осы аудандық демалыс орталығында еңбегі сіңген маманның бірі – Алма Аюпова. Мәденидемалыс орталығының әдістеме бөлімінің меңгерушісі. Әуезді дауысымен жұрттың көңілінен шыққан Алма апай да Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының алғысхатымен марапатталғанын айта кеткен жөн. Ол сөз арасында өнерді жан-тәнімен сүйетінін жасырмады. Еңбектеріңіз елене берсін, мәдениет қызметкерлері!

Г.Мақснова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале