Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылында жастар арасында қой қырқудан аудандық біріншілік өтті.
Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, оларды еңбекке баулу және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен аудандық қой қырқу сайысы нәтижесінде 9 ауылдық округ ішінен бас жүлдеге Қазақстан ауылдық округі жастары ие болды.
Ал І орынды Мерей ауылдық округі еншілесе, ІІ орынды Тасқала ауылы, ІІІ орынды Амангелді ауылы жастары иеленді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz