Бүгін Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Медет Мырзаштың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолданысқа енгізу талаптары талқыланды.
Жиынға Сырым аудандық сотының төрағасы Ботагөз Баймұханова мен Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменов қатысып, ауылдық округ әкімдерімен күн тәртібінде тұрған, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңадан енгізілгелі отырған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын талқылап, ойларын ортаға салды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz