10.06.2021, 9:30
Оқылды: 29

Бәйтеректе үздік медқызметкер анықталды

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Бәйтерек аудандық орталық ауруханасы «Признание пациента» атты онлайн байқауын ұйымдастырды.

 Дәрігер

Ауданда ұзақ жылдар бойы халық қамы үшін қызмет етіп жүрген дәрігерлердің арасында өткен онлайн байқаудың мақсаты пациенттердің пікірлеріне сүйене отырып, үздік маманды анықтап, халықтың медицина мамандарының қызметі жайында ойымен танысу болды.

Байқау аудандық аурухананың инстаграм парақшасында оздырылды. Парақшаға әр қатысушы дәрігер мен медбике туралы арнайы ақпарат жүктелді. Оған тұрғындар лүпіл басып, маман туралы пікірлерін қалдырды.

Қорытындысында жоғары дәрежелі маман, үшінші терапия бөлімнің медбикесі Гүлмира Джумагулова жеңіске жетті. Дәрігердің кандидатурасы облыстық байқауға қатысуға ұсынылды.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале