Сәрсенбі күні Оралдағы Достық үйінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру, өткізу туралы облыстық семинар-кеңес өтті. Жиынға облыстық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары және хатшылары қатысты. Семинар-кеңесті ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Жолдауында бірқатар демократиялық бағыттағы реформаларды, соның алғашқы қадамы ретінде ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын өткізудің бірінші кезеңін атап өткенін жеткізді.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №47 санындағы танымал журналист Нұрымбек Жапақовтың «Ауыл әкімдерін сайлау басталады» атты мақаласынан оқып біле аласыздар!
zhaikpress.kz