10.06.2021, 22:37
Оқылды: 36

Әуелгі нарком Әйтиев

1992 жылғы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заң қабылдады. 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды Полиция күні деп бекітті. Дегенмен, еліміздің ішкі тыныштығын сақтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған ішкі істер құрылымдарының талай жылдық тарихы бар. Мәселен, патшалық Ресей құрамындағы ішкі істер органдарында қызмет еткен қазақтар да кездеседі. Айталық, белгілі Бақытжан Қаратаевтың туған інісі Арон Қаратаев Орал қаласының полиция бастығы (обер-полицмейстер) лауазымына дейін көтерілген. 1918-1920 жылдар аралығында әуелі Ойыл уәлаяты, кейіннен Күнбатыс Алашорда үкіметі құрамында болған Алаш милициясын да ұлттық ішкі істер органы деп санауға болар еді. Өйткені Алаш милициясының ең бірінші міндеті қазақ халқын, қарапайым ауыл тұрғындарын қауіп-қатерден қорғау, ел ішінің тәртібін сақтау болатын. Шынында да қызылдан ойсырай жеңіліп, жаппай шегінген ақтар әскері жолында кездескен қазақ ауылдарын тонап, топалаңын шығарған кезде, қолына қару алып, халықты қорғаған – осы Алаш жасақтары. 

нар

Толығырақ білгіңіз келсе, облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №47 санындағы белгілі журналист Қазбек Құттымұратұлының «Әуелгі нарком Әйтиев» атты мақаласын оқыңыз, оқырман!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале