14.06.2021, 11:45
Оқылды: 22

Теректіде 47 611 бас төл алынды

Қыстан аман шыққан жанның аузы аққа тиіп, мал көкке тойды. Төрт түлікті жайылымға шығарған малшының етек-жеңі кеңіп, жағасы жайлауда.

Теректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі берген мәліметке сүйенсек, мал басына төл қосылып, қыстан олжалы шыққан екенбіз.

48C51567-69A9-418B-8D48-BEFB52BF2693

Теректі ауданындағы  қожалық-шаруашылықтарда 58790 бас ірі қара бар. Жылқы – 15754 бас. Қой-ешкі саны – 86046. Мал басын табиғи өсім есебінен еселеп отырған малшы төл алу науқанынан нәтижелі шыққан көрінеді.

Жалпы, аудан бойынша малға 13 787 бұзау, 2833 құлын, 30991 қозы-лақ ілесіпті. «Балапанды күзде санайды» демекші, төл басын жайлауда санаймыз емес пе. Ендеше, биылғыдай қысар қыстан шыққан малдан 47 611 төл алынуы – жақсы көрсеткіш.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале