Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Қ.Мырзалиев атындағы мектептің бітіруші «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне аттестат және көлік жүргізушісі куәлігін табыстады.
Айта кетейік, аталмыш мектеп түлектеріне көлік жүргізу сабақтары да қосымша оқытылған болатын.
Түлектерге сәт сапар тілеген аудан басшысына дән риза болған мектеп ұстаздары мен ата-аналар да жылы лебіздерін білдірді.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсыновтың айтуынша, жалпы, аудан бойынша 179 оқушы 11-сынып бітіріп отыр. Олардың ішінде 19-ы «Алтын белгі» , 8 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып отыр.
Алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуде ауданымыздағы бітіруші түлектердің 96%-ы, яғни 172 оқушы бағын сынамақшы.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz