Адам мен қоғам өмірінде мәдениет маңызды рөл атқарады. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Дәлірек айтқанда, мәдениет адамды тұлға етіп қалыптастырады. Бүгінгі таңда өңіріміздің мәдениет саласында 263 мекеме болса, соның ішінде 122 ауылдық мәдениет үйі, 111 ауылдық клуб, 25 қалалық мәдениет үйі мен клуб жұмыс істеуде. Олардың барлығы да біздің ұлттық өнеріміздің алға басуы жолында қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану, олардың өнерге деген құлшынысын арттыру мақсатында облыс көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Биылғы бірінші жарты жылдықта 5114 іс-шара өткізіліп, оған 419534 көрермен қамтылды. Коронавирус індетіне байланысты 70 пайыз, яғни 4154 мәдени іс-шара онлайн арқылы өткізіліп, 370042 қаралымға оң пікір айтылды. Мәдени қызметті жетілдіру үшін облыстық халық шығармашылығы орталығында аудандық мәдениет мекемелерінің жүйесі қызмет атқарады. Халық шығармашылығын кеңінен насихаттау және көрсету мақсатында «Мәдени галерея», «Қарымды қадам», «Марабай таным» тележобалары әзірленіп, оның шеңберінде түсіру топтары ауылдық жерлерде болды.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №48 санындағы журналист Мұғалім Өтейдің «Мәдениет ошағы – тәрбие ошағы» атты мақаладан оқуға болады.
zhaikpress.kz