15.06.2021, 17:17
Оқылды: 34

Мораторий кезеңіндегі прокурорлардың жұмысы

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жанында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топтар жұмыс істейді. Олардың жұмысы мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған.

00

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы” Жарлығы қабылданғаннан кейін шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін 27 заңсыз тексеру анықталды, олар прокуратураның қадағалау актілері бойынша күшін жойды.

Мысалы, сәулет және құрылыс саласындағы уәкілетті орган шағын бизнес субъектісі салып жатқан көппәтерлі тұрғын үйге халықтың өмірі мен денсаулығына жаппай қатер төну фактісі болмаған жағдайда да негізсіз тексеру жүргізді.

Жалпы мораторий кезеңінде негізсіз тексерулерді тағайындаудың жолын кесуді облыс прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасында тіркеуді келісуден бас тарту арқылы жүзеге асырады.

Қабылданған шараларға байланыстык әсіпкерлерді, оның ішінде 10 шағын және микробизнеске қатысты 28 негізсіз тексерудің алдын алды.

Кәсіпкерлер өз құқықтарын бұзу мәселелері бойынша тәулік бойы облыс прокуратурасының Call-орталығына төмендегі 8 7112 510941, 8 775 437 69 96 нөмірлері арқылы хабарласа алады.

БҚО прокуратурасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале