Бүгін өңір басшысы Ғали Есқалиевтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті IV сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде облыстың өткен жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебін бекіту мәселесі қаралды. Аталған тақырып бойынша БҚО қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Есенғалиевтің, БҚО бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Әлібек Қайырбековтың, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының есебі тыңдалды.
Сонымен қатар сессия отырысында бірқатар мәслихат шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.
Облыстық мәслихаттың сессиясы туралы толық материалды "Орал өңірі" басылымының сейсенбі күнгі санынан оқи аласыздар.
Н. Оразаев,
zhaikpress.kz