Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Сырым ауданы орталығы Жымпитыда спартакиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Аудан орталығынан бөлек әрбір ауылдық округте қызмет етіп жүрген мемқызметкерлер эстафеталық ойында командаға бөлініп, бақ сынады. Одан бөлек, жекелеген дойбы, асық ату, волейбол ойнап, шеберліктерін шыңдамақ.
Спартакиаданың мақсаты - жауапкершіліктің жүгін көтеріп көтеріп жүрген сала иелерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, аудан көлемінде спортты кеңінен дамыту, ең бастысы салауатты өмір салтын ұстану.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz