24.06.2021, 23:53
Оқылды: 2558

Республикалық "Сәлем, Елорда!" өнер фестивалінде өнер көрсетті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Қазақконцерт" мемлекеттік  концерттік ұйымы, Концерттік гастрольдік орталығының ұйымдастыруымен 22-24 маусым күндері аралығында Алматы облысы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында "Сәлем, Елорда!" атты өңірлер өнерінің керуен-фестивалі өтті.

0000

Биыл бұл фестивальге Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының артистері "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегерлері, әншілер Марат Сарбөпеев және Ернар Өмірәлі қатысып, өнер көрсетті.

Айта кету керек, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың өнері мен мәдениеті күндері үлгісіндегі ұйымдастырылған бұл фестивальдің мақсаты – өңірлердің өнері мен мәдени жетістіктерін кеңінен насихаттап, озық үлгідегі орындаушыларды дәріптеу. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы секілді биыл республикалық маңызы бар мерейтойлар мен жергілікті атаулы даталарды қамту.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале