25.06.2021, 11:21
Оқылды: 18

 38 жылын денсаулық сақтау саласына арнаған

Марат Құсмағанбетов – ШЖҚ  «Облыстық көп бейінді ауруханасы» МКК реанимация бөлімшесінің дәрігер анестезиолог-реаниматологы.

6EC955F7-4508-4A69-A82B-EA27C41F58FA

Құсмағанбетов Марат Сарымұлы 1956 жылы 15 ақпанда  Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданына қарасты Отрадное ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1982 жылы  «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтайды. 1982-1983 жж БҚО (ол кезде Орал облысы) клиникалық ауруханасында анестезиология-хирургия мамандығы бойынша интернатурадан өтіп, анестезиология-хирургия біліктілігін алады. Алғашқы еңбек жолын 1983 жылы БҚО, Шыңғырлау аудандық ауруханасында дәрігер хирург анестезиолог ретінде қызмет етіп бастайды. 1983 жылдың 21 қарашасынан бастап 1990 жылдың 2 сәуіріне дейін облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер анестезиолог ретінде жұмыс жасаған. 1990-1992 жж. аралығында  Орал теміржол ауруханасында реанимация бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарса, 1992-1997 жж. Орал облыстық онкологиялық диспансерінде дәрігер анестезиолог ретінде еңбек жолын жалғастырды. 1997 жылдың 22 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін облыстық клиникалық ауруханада реанимация бөлімшесінің дәрігер анестезиолог-реаниматологы ретінде жұмыс жасап келеді. Жалпы жұмыс өтілі 38 жылды құрайды. 2019 жылдың 16 ақпанынан бастап зейнеткерлік жасқа жетсе де, өңірдің денсаулық саласына белсенді үлес қосып, өзінің тәжірибесімен бөлісу мақсатында денсаулық сақтау жүйесінде әлі күнге дейін еңбек етуде. Реанимация және анестезиологияның барлық әдістерін толық меңгерген, үнемі біліктілігі мен кәсіби деңгейін арттырып отыруға құштар, мол еңбек тәжірибесіне ие, білікті дәрігер – Марат Сарымұлы денсаулық сақтау саласында атқарған ерен еңбегі аурухана басшылығы, жергілікті басқар органдары тарапынан жоғары бағаланып, бірнеше мәрте марапаттарға ие болды. 2021 жылдың 18 маусым күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің қолынан «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.  Облыстық көп бейінді ауруханасының директоры Арман Байдеуов  еңбек ардагері туралы: «Талапшыл, сабырлы, жауапкершілік қасиеті жоғары маман, әріптестерінің арасында өте сыйлы, аурухананың қоғамдық өміріне белсене араласады, осындай еңбек ерлерінің арамызда жүргені бізді қуантады», - деді.

#Еңбеккербейнесі

#Лицатруда

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале