29.06.2021, 0:05
Оқылды: 94

Пассионар

Көрнекті тарихшы-ғалым, шығыстанушы, жазушы-философ Лев Гумилев өткен жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде ғылымға пассионарлық термин мен теорияны енгізді. Пассионарлық деген не? Интернет көздерінен алынған деректерге сүйенсек, мұның өзі алға қойылған белгілі бір мақсатты жүзеге асыру бағыты. Мұндай қасиетке ие адамдар көсемдігімен, шешендігімен, көрегенділігімен, мол күш-қуатымен және ақыл-парасатымен ерекшеленеді. Ешуақытта жеке мүддесін өзі өмір сүріп отырған қоғам мүддесінен жоғары қоймайды. Пассионарлар адамдардың ерік-жігерін тас қайрақтай жанып, жеңіс пен табысқа жетуге жігерлендіре біледі. Осындай қабілетке ие жандардың бірінші тобы есімдері әлемге әйгілі жалпы адамзаттық деңгейдегі Кант, Христофор Колумб, Исаак Ньютон, Александр Македонский, Жанна  Д’Арк және Михаил Ломоносов секілді ірі тұлғалар болса, екінші жағдайда пассионарлық қасиет қонғандар күнделікті өзіміз өмір сүріп жүрген қоғамдық ортада да кездесе береді. 

суйербаев 001005

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 29 маусымдағы №52 санындағы ардагер журналист Темір Құсайынның «Пассионар» атты мақаласынан оқып біле аласыз, оқырман!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале