1.07.2021, 15:19
Оқылды: 12

Бюджетке өзгерістер енгізілмек

          Жәнібек ауданы әкімдігінде өткен аудандық қоғамдық кеңес отырысына Бекет Әліпқалиев төрағалық етті.

сес

Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №50-2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман Түйебаев «Жәнібек ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы», аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина Жәнібек аудандық білім беру бөлімі бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электрондық үлесін арттыру және тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу барысында қолайлы жағдай жасау мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есептер туралы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев «Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 ақпандағы №3-1 «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» хабарлама жасады.

Кейбіріне қысқаша тоқталатын болсақ, Руслан Әсетұлы облыстық мәслихат шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы, сондай-ақ аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыс бөлігінің өзгеруіне байланысты аудан бюджетіне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жасады.

Оның айтуынша, 2021 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 246093,0 мың теңгеге көбейген. Атап айтқанда, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша «Жәнібек – Талов – Кіші өзен» автожолының 2-27 шақырымын орташа жөндеуге 100000 мың теңге қарастырылып отыр.

Аудан резерві шығындар бөлігі бойынша барлығы – 25602,0 мың теңгені құраған. Соның ішінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша Құрсай, Көлтабан, Ақоба, Еңбекші ауылдарына кіреберіс жолдардың техникалық жай-күйіне зерттеу жүргізуге және аталған ауылдардың кіреберіс жолдарына ЖСҚ жасақтауға, «Жәнібек – Талов – Кіші өзен» автомобиль жолының 33-48 шақырымдық бөлігін орташа жөндеу жобасының сараптамасын жасауға барлығы – 4438,0 мың теңге, шекара өткізу бекетіне су жүргізу үшін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне – 1700,0 мың теңге, сондай-ақ Ақоба ауылдық округіндегі ауыз су құбырының тұщыту қондырғысын жөндеуге және ауыз су құбырының электр энергиясына ақы төлеуге барлығы – 12457,0 мың теңге бөлінбек. Биылға арналған аудандық бюджетке осы өзгерістер енгізіліп, келісім берілген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіліп, қаржыландырылатын болады.

Ал аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Диясқызының сөзіне сүйенсек, аталмыш бөлімнің функционалдық қызметтерінің маңызды бөлігін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер құрайды екен. Жалпы, білім беру бөлімі бойынша 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша барлығы 651 қызмет (қағаз түрінде және электронды түрде) көрсетілген.

 

Асқар Орынғалиұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале