Жуырда «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының кезектен тыс XXXI сайлау конференциясы өтті.
Аудан әкімі Марат Тоқжанов төрағалық еткен конференция отырысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Елімізде 2021 жылы 25 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республакасының сайлау» туралы конституциялық заңына сәйкес «Әкімдердің саулауын өткізу» туралы Заңына қол қойған болатын. Конференцияда өкілеттік мерзімдері аяқталатын Январцев, Чиров, Зеленое ауылдық округтері ауыл әкімдерін сайлауға түсу мәселесі қаралды.
- Пандемияның ауданымыздағы ахуалын ескере отырып, «Nur Otan» партиясысының XXXI конференциясын аудандық бюро шешімімен онлайн форматта өткізуді ұйғардық. Біз конференцияға өз өтініштерін жазған үміткерлерді ұсынып отырмыз. Тізім жобасы бойынша әр үміткерді жеке дауыс беру арқылы анықтайтын боламыз. Саяси партия 1 сайлау округінде тек 1 кандидат ұсынуға құқылы, - дейді аудан әкімі Марат Тоқжанов.
Конференция соңында есеп комиссиясының қорытындысы шығарылып, «Nur Otan» партиясыатынан ауылдық округ әкімдерінің саулауына қатысатын кандидаттар ұсынылды. Олар 25 шілдеде дейін өтетін сайлауда бәсекеге түспек.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz