3.07.2021, 14:17
Оқылды: 17

Олимпиада жүлдегерін қабылдады

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов 33-ші Халықаралық информатика олимпиадасының (IOI 2021) қола медаль иегері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Жамбыл Мақсотовты қабылдады.

C6CA2B01-5087-44D8-AA83-4C6A2705AF5F

Жамбыл Мақсотов - 2019-2021 жылға дейін бірнеше рет республикалық және халықаралық информатика олимпиадаларының жүлдегері атанған. Биылғы жылы 9-28 маусым аралығында қашықтық форматында өткен 33-ші Халықаралық информатика олимпиадасында (IOI 2021) қола медаль жеңіп алды.

IOI 2021-ге әлемнің 88 елінен 351-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды (22 және 25 маусым), қатысушылар алты алгоритмдік тапсырманы орындау арқылы информатиканың әртүрлі дағдыларын көрсетулері керек болатын. Қазақстанның атынан қатысқан мектеп оқушылары төрт қола медаль жеңіп алды. Еліміздің ұлттық құрама командасын Алматы РФМС-тен Мукимбеков Мансур, --Мақсотов Жамбыл (БИЛ, Орал), Ашуров Альтаир (НЗМ, Нұр-Сұлтан) және Сахмолдин Мухаммадариф (НЗМ Алматы) қорғады.

22E393D2-8F8C-451A-BA18-26B17EE50F73

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ел намысын қорғағын білімді шәкіртті жетістігімен құттықтап, Iphone телефонын және ата-анасына алғысхат табыстады.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале