3.07.2021, 20:20
Оқылды: 19

Бәйтерек ауданында екпе алғандар сыйлыққа ие болды

Бәйтерек аудандық ауруханасында covid-19 вирусына қарсы екпе алғандардың арасында ұйымдастырылған «Вакцина ал да, жүлде ұтып ал» атты лотереяның қорытындысы шықты.

IMG-20210703-WA0015

Аудандық аурухана ғимаратының алдында өткен лотерея екпе алған тұрғындарға арнайы берілген билеттерді суыру арқылы ойнатылды. Оған 700-ден астам пациент қатысып, 71 тұрғын ұтыс жүлдесіне ие болды.

IMG-20210703-WA0014

Лотерея жеңімпаздарына медициналық тонометр, жүрек соғысын қадағалап отыратын смарт сағаттар, қандағы қант мөлшерін көрсететін глюкзаметрлер, небулайзерлер, мобильді медициналық қобдишалар және тағы да басқа сыйлықтар ұсынылды.

IMG-20210703-WA0013

- Бүгін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация аясында маусым айында жүргізілген науқанның қорытындысы өткізілді. Ұтысқа аудан ауруханасының пациенттері қатысты. Науқан әділ өтті. Осы ретте лотерея ойынын өткізуге демеушілік еткен «Медмаркет», «БатысМедОпт», «DARHAN», «Jysan Bank» ЖШС-не аурухана атынан алғыс білдіреміз, - дейді аудандық аурухананың эпидемиолог дәрігері Әсем Әлібиқызы.

Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале