8.07.2021, 9:36
Оқылды: 29

Қособада қосымша су ұңғымасы іске қосылды

Ауыз су тапшылығы – қособалықтарды көптен бері қыспаққа алып келе жатқан мәселе. Жалғыз су ұңғымасы жарытып су бермегесін, ауыз суға зәрулік былтырғы жылы жазда шырқау шыңына жетті. Қособа мен Жырақұдыққа су Жымпитыдан тасымалданды.

 Қособа су ұңғымасы (3) (1)

Бұл мәселе биыл шешімін тапты. Аудандық қазынадан 2,400 млн теңге қаражат бөлініп, ауылдан 7 шақырым жердегі Қуанышәлі нүктесінен қосымша 1 ұңғыма қазылды. Қазып, су өндіру жұмыстарымен «Жайықгидрогеология» ЖШС айналысты.

Қособа су ұңғымасы (4)

- Қазіргі таңда Қособа ауылдық округінде ауыз мәселесі реттелді. Қособа, Жырақұдық елді мекендері бойынша 3 су нүктесі таңғы 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін үздіксіз жұмыс жасап тұр, - дейді округ әкімі Бейімбет Жайманов.

Қособа су ұңғымасы (2)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале